«Қыздарға  қырық үйден  тыйым»  атты дөңгелек  үстел өткізілді.

 

№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында мектеп -медбикесімен  бірлескен «Қыздарға  қырық үйден  тыйым»  атты дөңгелек  үстел өткізілді.

Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу мақсатында өткізілген дөңгелек үстелде сұрақтар қойылып, қыздар арасында өзекті мәселелер қаралды.