Соңғы  қоңырау -2019            

 

№19 Қ. Сәтпаев атындағы  мектеп-гимназиясында  24  мамыр күні  бастауыш сыныптарда,  25 мамыр  күні жоғарғы сынып  оқушылары үшін  соңғы  қоңырау  салтанатты жиыны   «Сыңғырла, соңғы  қоңырау»  тақырыбында  өткізілді. 

Салтанатты  жиынға  ардагер ұстаздар , мектеп  мұғалімдері, ата-аналар  қатысты. Салтанатты  жиынды мектеп-гимназия  директоры Ақылбек Қишуұлы ашты. Директордың оқу ісі  жөніндегі  орынбасары  Толқын Қалауиқызы оқушылардың оқу  жылы  барысында  жеткен жетістіктері атап  өтіп диплом, грамота, алғыс  хатпен  марапаттады. сонымен қатар оқу  озаттарына  мақтау  қағаздарын табыстады. Үздік оқушылар -2019  мен Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  деңгейде  олимпиада, «Зерде»  ғылыми  жоба жүлдегерлері  ,спортта  жетістіктері  бар  оқушылар  шеруі өтті.  Келген қонақтар оқушыларды  соңғы  қоңырау  мерекесімен құттықтап, мектеп  бітіруші түлектерге құттықтау сөздерін арнап, ақ жол тіледі. Салтанатты  жиын  түлектердің сазды  арнауларымен жалғасын тапты.  Білім кілті табысталып, мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы  қоңырау  соғылды.     Ақ жол, жас түлек-2019!