Мектеп туралы

Қырық бес жылдық тарихы бар, мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымында қазіргі уақытта тоқсан төрт мұғалім еңбек етеді. Педагогикалық ұжымның жұмыс істейтін тақырыбы: «Нәтижеге  бағытталған  білім- тұлғаның руханилығын байытудың қайнар көзі». Мектеп-гимназияда жоғары білімді-82, арнаулы орта білімді-12, оның ішінде жоғары санатты-22,  І санатты-29, ІІ санатты-25 мұғалім еңбек етуде.

Мектеп-гимназияда жаңа мазмұндағы білім беру курсынан өтіп, оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп  келген ұстаздар саны-21. Оның ішінде 13 мұғалім ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша, 2 мұғалім ІІ деңгей бағдарламасы бойынша, 6 мұғалім І деңгей бағдарламасы бойынша курсты бітіріп, сертификатталған.

Мектеп-гимназия әкімшілігі қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды бірінші болып қолдап, мектебімізде 7 модульға негізделген коучинг сабақтар, семинарлар тұрақты түрде өтіп,  сыртқы бақылау тестері бойынша директор жанындағы кеңесте мониторингісі шығарылып, жарияланып тұрады.

Мектеп-гимназия ұжымы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен, облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтымен, жаңа ақпараттық технология орталығымен, облыстық, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Білім мен ғылымды игеруде оқушы қабілетін шыңдап, іздену жолын көрсетіп, жеке тұлға қалыптастыруға ұмтылған мұғалім қызметі – ең мәртебелі қызмет. Қандай жағдайда болмасын өзін-өзі бақылай, ұстай білетін ұстаз зиялының зиялысы.

Ендеше, өзіндік тарихы мен дәстүрі қалыптасқан мектеп-гимназияның алға қарайда алар асулары көп болатыны сөзсіз.

Всего комментариев: 0