Мектеп тамақтануы

 

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері туралы


 

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсыныстары бойынша мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет, тауарлады өнім берушісін таңдау тамақ сапасына әсер ететін орын алған бағалар демпингіне байланысты, сондай-ақ мектеп директорларының қызметті өнім берушісіне тікелей бақылаудың болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылған.

 

Бүгінгі күнге орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды, мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандырумен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі әзірленген (ҚР БҒМ 2018 ж. 31 қазандағы № 598 бұйрығы).

 

Балаларды тамақтандыру сапасы мен қауіпсіздігін кепілдендіру мақсатында Қағидаларда білікті қызметкерлер штаты бар (жұмыс тәжірибесі аспазшы біліктілігі, технологтар, диетологтар, оң сипаттамалар, өнімдерінің жеке өндірісінің, энергияны үнемдейтін жабдықтардың бар болуы) осы қызметті көрсетуге мейілінше даярланған өнім жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер қарастырылған.

 

2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі енгізілді.

 

Сондай-ақ, Қағидаларға сәйкес конкурстық комиссия құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтаудың аумақтық органдары кіреді.

 

Өнім берушілердің жаңа және табиғи өнімдерді пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қағидаларда мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе ферма қожалығы, жылыжай, т.б.) үшін өнім берушілердің қосымша балл алуы мен отандық өндірушілердің тамақ өнімдерін сатып алуы көзделген.

 

Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.

 

Өнім беруші шарттың талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шарт сот тәртібінде бұзылады және осы өнім беруші жозықсыз деп танылады(ҚР БҒМ 2018 ж. 31 қазандағы № 599 бұйрығы).

 

2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарына сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе отырып, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір рет қолданылатын мектеп тағамдарының бірыңғай нормаларын тұңғыш әзірленген (ҚР Үкіметінің 2012 ж. 12 наурыздағы №320 қаулысына толықтырулар енгізілген).

 

Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті микронутриентттерді алуы қарастырылған: витаминдер, минералды заттар және микроэлементтер.

 

2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ білім беру ұйымдары білім алушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен оқу орындарында тамақтану мөлшері бойыша бірыңғай стандарттар әзірленген.

 

2019 жылдан бастап Министрлікпен нысанға шығуды жүзеге асырмай-ақ бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін органдардың және білім беру ұйымдарының мектептік тамақтандыруды ұйымдастыруға камеральдық бақылау енгізілген.

 

Бұдан басқа, Министрлік Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық процедураларды электронды форматқа көшіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Бүгінгі таңда мектеп қызметкерлерінің, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының қызмет көрсетуге тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалы қарастырылған.

 

Әрбір мектепте балалардың тамақтандыруына бақылау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Комиссияны мектептің директоры басқарады, құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің мүшелері, қамқоршылар кеңесі кіреді.

 

Тамақтандыруды ұйымдастыру Қағидаларына сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

 

Ай сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам тағам және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазулар енгізілген дайын тамақ сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

 

Сонымен, қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтандыру сапасына әсерін тигізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті механизмдер әзірленді.

 

Бүгінгі күні, баса айтатындай, білім беру ұйымдарын басшыларының (бракераж  комиссиясының төрағаларының) жауапкершілік деңгейі алдыңғы қатарда.

 

Осыған байланысты Министрліктің мектептік тамақтандыру сапасын арттыру бойынша қызметінің негізгі бағыты тамақтандыру сапасына бақылау жөніндегі бракераж комиссияларының қызмет тәртібін кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың тамақтандыруын ұйымдастыру барысында  бұзушылықтарды анықтау бойынша одан әрі әрекет ету туралы білім алушыларды және олардың ата-аналарын ақпараттандыру болып табылады.

Всего комментариев: 0