Мектеп ережесі 2017-2018

БЕКІТІЛДІ  

Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы негізінде және
№19 Қ.Сәтпаев мектеп–гимназиясы  директорының
2017жылғы №  3 бұйрығымен

 

 

Мектеп ережесі

1. Мектеп міндеті:

1.1. Қ.Р. «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекітуге;

1.2. Оқушылардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапалы жалпы орта (негізгі) білім алуына жағдай жасау;

1.3. Мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) мектеп жарғысына сәйкес бекітуге:

А) Ұл  балаларға – ақ көйлек, күңгірт қызыл кеудеше немесе пиджак, қара ботинка,  қара шалбар (қысқа балақ шалбар киюуге тиым салынады);

Ә) Қыз балаларға – ақ кофта, күңгірт қызыл белдемше (тізеден немесе тізеден сәл 2 см төмен), күңгірт қызыл жакет, ақ бантик (Бас киім, түрлі орамалдар тағуға тиым салынады)

1.4. Жеке тұлғаның жан-жақты рухани дамуына жағдай туғызуға;

1.5. Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

1.6. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақытылы берілуін қамтамасыз ету;

1.7. Қоғамдық  өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;

2.Ата-ана міндеті:

2.1. Ата-аналар кеңесі арқылы мектеп әкімшілігі мен педагогтермен ынтымақтастықта жұмыс жасауға және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;

2.2. Балалардың мектеп Жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының біріңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауына жауапкершілік алуға;

А) Ұл  балаларға – ақ көйлек, күңгірт қызыл кеудеше немесе пиджак, қара ботинка,   қара шалбар (қысқа балақ шалбар киюуге тиым салынады);

Ә) Қыз балаларға – ақ кофта, күңгірт қызыл белдемше (тізеден немесе тізеден сәл 2 см төмен), күңгірт қызыл жакет, ақ бантик (Бас киім, түрлі орамалдар тағуға тиым салынады );

2.3. Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға және баласының сабақ үлгерімі, тәртібіне бақылауға жасауға; Міндетті түрде ата-аналар жиналысына қатынасуға;

2.4. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой өрісі мен дене үшін қамтуды, имандылық тұрғысынан қамтамасыз етуге;

2.5. Балалары мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда қалпына келтіруге;

2.6. Мектепке баласын орналастыруға келгенде жеке іс қағазымен қамтамасыз етуге;

2.7. Балалардың міндетті түрде Мектеп Жарғысына және қадағалауға және сабаққа баруын қамтамасыз етуге, сабақтан кейін уақытылы оқушыны алып кетуге міндетті

2.8. «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, ішкі тәртіп ережесін сақтауына, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті.

2.9.  Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.

2.10. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.  Сынып  жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.

3.Оқушы міндеті

3.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

3.2. Міндетті түрде Мектеп Жарғысына және ішкі тәртіп ережесіне бағынуға;

3.3. Мектеп жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін  (мектеп формасы) сақтауға міндетті;

А) Ұл  балаларға – ақ көйлек, күңгірт қызыл кеудеше немесе пиджак, қара ботинка, қара шалбар (қысқа балақ шалбар киюуге тиым салынады);

Ә) Қыз балаларға – ақ кофта, күңгірт қызыл белдемше (тізеден немесе тізеден сәл 2 см төмен), күңгірт қызыл жакет, ақ бантик  (Бас киім, түрлі орамалдар тағуға тиым салынады );

3.4. Мектеп мүлкін сақтауға және кітапхана қорын ұқыпты пайдалануға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

3.5. Сабақтан себепсіз қалмауға;

3.6. Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтеріне, үйірмелер мен секцияларды таңдауға және қоғамдық жұмыстарға араласуға;

3.7. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

3.8. Өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге және өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін  қорғауға; басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеуге міндетті

3.9. Күзгі және көктемгі мезгілдерде ауыстыратын қосымша аяқ киім әкелуге міндетті;

3.10. Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио, видеоплеер) әкелуге тыйым салынады.

Всего комментариев: 0