Есеп беру 2018-2019

Тәрбие  жұмысының 1 жарты жылдықта  жасалған жұмыстарының қорытынды есебі

 

1 қыркүйек  білім күні  “Сыңғырла, сыңғырла, қоңырау”  атты  тақырыппен  өтті. Салтанатты жиынға Облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Айтжанова Света  Мухиденова, № 19 «Шұғыла» балабақшасының  меңгерушісі Месерова Сара Самиғоллаевна, мектбіміздің ардагар ұстазы Сағындық Света Ерсайынқызы қатысты. Қонақтар ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа  оқу  жылымен құттықтады.


Алғашқы сабақ 
1-7 сыныптарда «Мен  елімнің патриотымын

8-9 сыныптар «Мәңгілік ел құндылығы» 10-11 сыныптар  « Патриотизм –ұлттық рухтың асқақ белгісі»тақырыптарында өткізді.

Алғашқы сабаққа мұғалімдер тыңғылықты дайындықпен келіп, оқушыларға патриоттық бағыттағы сабақтар өткізді.  Көрнекіліктермен жабдықталған сыныптар  оқушыларға  әсерлі сабақ, тәрбиелік маңызы бар мәліметтер алуға әсерін тигізді.

Сабақ еліміздің  гимнменмен ашылды. Өткізілген сабақтардың ішінде тартымды, мазмұнды болған 1 сынып  мұғалімдері  Ж. Шамжанова, 4 сынып  жетекшісі С. Баймурзиева, 5 сынып жетекшісі А. Жантумаев, 9-сынып жетекшісі   Б.Қыдырова, 7- сынып жетекшісі М. Шамғонова,   10-сынып жетекшісі  Н. Бисенова ,  11-сынып жетекшісі С. Магзумова сабақтарын  атап өтуге болады.   Сабақта мемлекеттік нышандар туралы, «Мәңгілік  ел» ұлттық  идеясы,  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасында айтылған  ұлттық құндылықтар   туралы оқушыларға түсініктер беріліп,  оқушылармен пікір алмасылды.

Республикалық ата-аналарға арналған психологиялық көмек конференциясы кезең-кезеңге бөлініп қыркүйек айында өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып  жетекшілер мен ата-аналар түгелге  жуық қатынасып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  көптеген  жұмыстар іске асты. Соның  бірі жалпыхалықтық  латын тілінді  диктант жазу. Бұл шараға мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар түгел қатысты.

Ұстаздар   күні — бұл   дәстүрлі   әрі  бүкілхалықтық мереке. Атаулы күнге орай ұлы мамандық иелеріне арналып  мерекелік  шаралар  өткізілді. Ұлы ғұламалардың да ұстазы  болған.  Мақсатымызда  осы мамандық  иелеріне арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы  мамандыққа бас ию, құрмет  көрсетуМектеп  оқушылары  «Ұстаздарға тағзым!» атты мерекелік  құттықтау сәтін мектеп дәлізінде лездеме  өткізді. Оқушылар ұстаздарға  арнаған мерекелік жылы лебіздерін өлең шуақтарымен , би , ән- күйімен жеткізді.

5-7 сыныптарда «Ұстазым  менің, ұстазым», 8-9 сыныптарда «Ұлағатты  ұстазым» тақырыптарында  сынып  сағаттары мен тәрбие  сағаттары өткізілді. Жас мұғалімдер мен мектеп жанындағы  музыка балалар  мектебінің  ұстаздарымен  бірлескен  «Ұстаз-ұлы  тұлға»  мерекелік сазды  кеш өтті. Жиынның шымылдығын мектеп-гимназия  директоры  Ақылбек Қишуұлы ашып, ұстаздардың жеткен  жетістіктерін атап  өтіп, мерекелерімен  құттықтады. Сондай-ақ  кәсіподақ төрайымы Роза Ерсайынқызы  мектепке  еңбегі сіңген 10 жылдан аса еңбек  өтілі бар ұстаздарды  кәсіподақ атынан  марапаттады. Мерекелік жиын   мың  бұралған  биімен, әсем өрнектелген әнімен  жалғасын  тапты. Керемет кеш көпшіліктің көңілінен шықты.

Күзгі  демалыс кезі оқушылар үшін әртүрлі қызықты, танымды шараларға толы ұйымдастырылды. «Күзгі  демалыс» тақырыбымен өткен шаралараға  оқушылар, сынып  жетекшілер  қатысты. Дене  пәні мұғалімдері Торғаев Алтай  мен  жас  маман Сахуалин Аралбай 8 –сыныптар арсында «Баскетбол»  сайысын  ұйымдастырды. Сайыс  ұл  және  қыздар  арасында өткізілді.  5-7 сыныптар    қаланың көрікті жерлері мен мұражайға көрікті  жерлерімен,тарихи  жерлеріне  саяхатқа  шықты.  Мектебіміздің  кітапханашысы Гумарова Алтынай  «Сөз құдіреті»  тақырыбында 7- сыныптар арасында танымдық  сайыс  өткізді. Сайыста  киелі  сандардың  мағынасы турасында  өткізлді. Сайыстың  жеңімпаздары  анықталып, диплом, кітаптармен  марапатталды.   «Сыбдыры сұлу, алтын күз» тақырыбымен 8-10 сыныптар  арасында сайыс ұйымдастырылды. Оған 9 сынып  қатысты. Сайыс  үш  бөлімнен  тұрды.  Қатысушылар әр  түрлі  номинациялар  бойынша мадақталды. Күз  ханшайымы мен  күз ханзадасы  атағын 8 «В» сынып оқушылары  Өмірбекқызы Әлия  мен Марс  Марлен қанжығасына  байлады. Кеш  соңы би кешіне  ұласты.

5 қараша күні  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күніне  орай 9 сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б. Қыдырова «Адал  ұрпақ-болашақ ел  тірегі», 7 сынып  жетекшісі  тарих пәнінің мұғалімі Н. Амирова «Адалдық ардың ісі»  тақырыптарында  Бірыңғай сынып  сағаттарын өткізссе,

«Жасөспірімдер арасындағы есірткі қолдану проблемалары» тақырыбында ата-аналарға арналған  дәріс өткізілді.

Қалаық білім бөлімінің 2018 жыл 12  желтоқсан № 03-04-01-12/2295  санды хатына орай , мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігінің қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытына байланысты шаралар оқу жылының басында жасақталып, сынып ата-аналары мен оқушыларына таныстырылды.

Мектеп бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы №01-4-12-3/633 хаты негізінде Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік ортаны қамтамасыз ету туралы ережесін негізге ала отырып,  2018-2019 оқу жылына аранлған іс – шаралар жоспары жасақталып,  жауапты тұлғалар бекітіліп жұмыс жүргізілуде.

Сыныптарда арнайы сынып сағаттарында, ұжым жиналыстарында және  үнемі тоқсандық ата-аналар жиналыстарында қауіпсіздік шаралары туралы айтылып отырады.  Каникуль кездеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы ата-аналар жиналыстарында арнайы ескертіліп, танысқандығы жөнінде белгі алып отырылады.

Мектеп бойынша  41 бейнекамера, оның 31 ғимарат ішінде, 10 ғимарат сыртында орналастырылған.  Бейнекамераның жады мерзімі 30 күн. Арнайы журналы ашылып, бекітілген тұлға жүргізеді. Қазіргі таңда барлық бейнекамера жұмыс жасауда.  Мектеп  инспекторы мен арнайы кезекші және вахтер 1 қабатта мектепке келушілерді үнемі қадағалап, мектепке келушілерді тіркеу журналына жазылу арқылы құжатпен кіргізу жүйесі енгізілген. Мектеп кіреберісінде арнайы турникет орнатылып, жұмыс жасауда.

Қалалық білім бөлімен келген хат негізінде қамқоршылық кеңес жиналысы өтіп, күн тәртібінің бір мәселесі оқушылардың өмір қаіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Мектеп қауіпсіздігін оқушыларының қадағалау  және жалпы қауіпсіздік шараларын жан жақты жүргізу жұмыстары жүргізіле береді.

Соныменқатар, кітапханамен арадағы байланысты нығайту аясында  №1 Балалар кітапапханасы ұйымдастырған  Тұңғыш Президент күні қарсаңында  «Елбасы-елдің  тұтқасы»,  «Шығыс  елінің ұлы ойышылдары» атты  зияткерлік мектепаралық ойынына мектебіміздің 10 сынып оқушылары қатынасып, жүлделі орын мен  бағалы сыйлық кітаппен марапатталды.

«Ұлтыңды ойласаң-рухты ұл  тәрбиеле» жобасы аясында «Асқар таудай тұлғасы, әкем, атам жыр басы» тәрбиелік шара 8- сыныптың ер балаларына  арналған  «Әкеден ұлағат» өнеге сағатына мектептің әкелер қоғамының  төрағасы М. Құбышев  қатысып ұлдармен пікір алмасып қайтты. Облыстық Үздік әкелер слетінде Құбышев Мейірбек «Үздік әке» номинациясы бойынша марапатталды.

1-желтоқсан  Дүниежүзілік СПИД ке қарсы  күніне орай АИТВ ЖИТС орталығы  ұйымдастырған сырттай байқауына мектебімізден 6 оқушының шығармасы  қатысып, 4 оқушының  жұмысы облыстық  байқауға жолданды.


1-желтоқсан
 Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына  орай  көптеген игі   жұмыстар  жасалды.

8 «В» сыныбында « Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы», 8»Г»  сыныбында «Тұғыш Президент»,  6 «Б» сынбында «Тәуелсіздік  деп  соғады  жүрегіміз», 8 «В» сыныбында «Тәуелсіздік- теңдесі  жоқ  байлығым», 8  «Г»сыныбында  «Желбіре, тәуелсіз елдің  байрағы»  атты мерекелік концерттер, сынып сағаттары өткізілді. «Егемен елдің кемеңгер басшысы» салтанатты жиыны мектеп АКТ залында  өтті.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Х. Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің оқытушысымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты  Қазақстанның  жастардының болашаққа деген көзқарасы мен мотивациясын ояту.Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қызу пікірталас болды.Бұл кездесу оқушылардың есінде қалары сөзсіз.

Атырау  облыстық  Дін істері  және  ақпараттық талдау  орталығы  ұйымдастырған «Тәуелсіздікке  тарту»тақырыбында байқау өткізді. Шығармашылығын,тіл байлығымен  көзге түскен  мектебіміздің 11 «А» сынып  оқушысы Қайыржанова Аяулым мен  10 «А» сынып сынып оқушысы Байболатова Ақерке Алғыс  хатпен және  бағалы  сыйлықпен марапатталды. Сонымен  қатар « Діни экстремизмге  жол» тақырыбында  сурет  байқауын ұйымдастырды. Бұл  байқауға  да  оқушыларымыз қатынасып,жүлделі  орындарды  иеленді. 6 сынып оқушысы Биғазиева Айнель  -Алғыс  хатпен, 9 сынып оқушысы Қайратқызы Құралай- 3 орынмен, 8 сынып  оқушысы Сергеева Перизат -3 орынмен  марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты сынып сағаттары мен тәрбиелік шаралар барлық сыныптарда  жоғарғы  деңгейде  өткізілді. Сонымен қатар, 8- сыныптары  арасында «Тәуелсіздігім-мақтанышым» атты шығарма жазу байқауы өтті. Ұйымдастырған  мектебіміздің  педагог-ұйымдастырушысы  Жұбанғалиева Люда. Шығарма  жазуда  талапқа  сай, ойларын  жүйелі  жеткізе  білген, марапатқа ие болғандар: Мирманова Зарина,Досжан Снежана,Бисенова Аида,Сүлеймен Ақсұлу, Сатаева Аылай,Қуатова Мадина,Зинорова Дильназ,Наби Жансерік,Қайролова Айнель, Серік Рустам,,Біржанқызы Аида,Нәмеш Ерасыл. Жақсы  жазылған шығарма  деп  екі оқушының шығармасын атауға  болады: Сатаева Аылай, Қуатова Мадина, Зиноллаева Назерке, Сұлтанова Ақерке. 8- сынып  оқуышыларына  тапсырылыған жұмысты  орындағаны үшін және Тәуелсіздік күніне өз үлестерін қосқаны үшін алғыс айтылды. 14 желтоқсан  күні «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты қорытынды концерт өткізілді. Концерт сан ғасыр бойы ата-бабамыздың аңсаған, бірақ қолы жетпеген тәуелсіздігіне желтоқсанның суық ызғарында жалаң аяқ қар кешіп, алаңға шыққан аға-апаларымыздың  арқасында қол жеткізгені туралы бейнефильм көрсетілді. Шымылдық «Сұлтандар кеңесі»  көрінісімен ашылды. Егеменді еліміз туралы тамылжыта салынған әндер, күмбірлеген күйлер, қыздарымыздың мың бұралған билері, тәуелсіздікке арнап оқылған өлеңдері  концертке  қатысқан мұғалімдердің көңілінен шығып, жоғарғы  бағаға ие болды.

«Жаңа жыл-2019» шырша тойы жоғарғы деңгейде, оқушылар көңілінен шыққан мерекелік көңіл күйде өтті.

 

Всего комментариев: 0