Есеп беру 2017-2018

№19 Қ.И.Сәтбаев мектеп-гимназиясы бойынша
2017-2018 оқу жылының I жарты жылдығында жасалған тәрбие жұмысының есебі

 

1  қыркүйек  күні “Мереке зор  қуаныш – Сәлем саған, алтын ұям”  атты  тақырыппен  өтті.
Алғашқы сабақ «Мен  елімнің  патриотымын!» тақырыбында өткізілді.

Алғашқы сабаққа мұғалімдер тыңғылықты дайындықпен келіп, оқушыларға патриоттық бағыттағы сабақтар өткізді. Көрнекіліктермен жабдықталған сыныптар  оқушыларға  әсерлі сабақ, тәрбиелік маңызы бар мәліметтер алуға әсерін тигізді.

Сабақ еліміздің  гимнменмен ашылды. Өткізілген сабақтардың ішінде тартымды, мазмұнды болған 1 сынып  мұғалімі Қ. Нұрғалиева, 3 сынып  жетекшісі  Қ. Құмарова. 8-сынып жетекшісі   Б.Қыдырова, 6 – сынып жетекшісі М. Шамғонова,   9-сынып жетекшісі  Н. Бисенова,  10-сынып жетекшісі С. Магзумова сабағын атап өтуге болады.   Сабақта мемлекеттік нышандар туралы, «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы   туралы оқушыларға түсініктер беріліп,  оқушылармен пікір алмасылды.


22-қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Еліміз егемендігін алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз-қазақ тілі қанатын кеңге жайып келеді. Тіл –қандай ұлтта,  елде болмасын әрқашан қастерлі де құрметті.Тіл-әрбір елдің жаны. Тілдер республикамызда ұлтаралық  жарастығымен және рухани ынтымақтастығымен ерекшеленеді. Қазақстан халқы Тілдер  күні  мерекесіне орай  түрлі  деңгейде тәрбиелік  шара, пікірталас, сынып сағаттары, интеллектуалдық сайыстар  №19  Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында  өткізілді. «Тілім  менің- тірегім»  тақырыбында  апталықтың салтанатты  ашылуы өтті.  Лездемеде оқушылар  тіл туралы  белгілі  ақын-жазушылардың   нақыл сөздерін, өлеңдерін  нақышына келтіріп оқыды. 11 сыныптар арасында «Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық» (А. Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл) тақырыбында  конференция, 5-7  сыныптарда «Тіл-ұлттың жаны»,    « Ана тілім –ажарым, асыл қазынам», « Тіл-ғасырлар аманаты», «Туған  тілім-тірлігімнің  айғағы»  тақырыптарында  тәрбие сағаттары өтті. 8- 9 сыныптар  арасында Интеллектуалды сайыс «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбында  өтті. Сонымен қатар бүгінде Қазақстанда ұлттық әліпбиді латын қарпіне көшіру үрдісі аясында   Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік   университеті мұғалімдерімен  бірлесе отырып «Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін игі қадам» тақырыбында  пікірталас, «Білім-әлемдік, тәрбие-ұлттық» тақырыбында  мұғалімдер дөңгелек үстел аясында  бас  қосты. Жалпы алғанда апталықтың барысы жоғары деңгейде өтті.


«Еңбек күні» мерекесіне  орай  қалалық  білім  бөлімінің  жоспарына сәйкес, елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы  аясында «Бір күндік ағаш  отырғызу» акциясы 28 қазан күні өтті. Оған мектеп мұғалімдері  мен жоғары сынып  оқушылары  ұйымшылдықпен  атсалысты. Мектеп ауласына ағаштар отырғызылды.


 

Ұлы   мамандық   иелеріне   арналып  «Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбында  мерекелік  шаралар  өткізілді.   Ұстаздар   күні — бұл   дәстүрлі   әрі  бүкілхалықтық  мереке. Ұлы  ғұламалардың да ұстазы  болған.  Мақсатымызда  осы   мамандық  иелеріне    арнап, төл  мерекелерімен  құттықтау, ұлы  мамандыққа бас ию, құрмет  көрсету.   10 сынып  оқушылары   «Ұстаздарға тағзым!» атты  мерекелік  құттықтау сәтін  мектеп  дәлізінде   лездеме  өткізді. Оқушылар  ұстаздарға  арнаған мерекелік жылы лебіздерін өлең  шуақтарымен ,  би , ән- күйімен   жеткізді.

5-7 сыныптарда «Ұстазым  менің, ұстазым», 8-9 сыныптарда «Ұлағатты  ұстазым» тақырыптарында  сынып  сағаттары мен тәрбие  сағаттары  өткізілді.


 

Сонымен  қатар бұл күні  мектептің АКТ залында «Ұстаз, саған мың алғыс!»  тақырыбында мерекелік  кеш  өткізілді. Мерекелік  кешке  мектеп  мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі түгелдей қатысты.

21 қазан күні  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетін қалыптастыру»  тақырыбында  сыныптарда  сынып сағаттар, тәрбиелік  шаралар,  сурет  байқауы  өткізілді.


 

«Арайлы алтын күз» 8-11 сынып аралығында күзгі балдық кеш өткізілді.

Оған сыныптар  жұппен қатысып, тыңғылықты  дайындықпен  келді. Сайыс  3 бөлімнен  тұрды. Әділқазылар жеңімпаздарды  анықтап, сыйлықтарды  табыстады.

1-желтоқсан  Тұңғыш Президент  күні мен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына  орай  көптеген игі   жұмыстар  жасалды.

8 «В» сыныбында « Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы», 8»Г»  сыныбында «Тұғыш Президент»,  6 «Б» сынбында «Тәуелсіздік  деп  соғады  жүрегіміз», 8 «В» сыныбында «Тәуелсіздік- теңдесі  жоқ  байлығым», 8 «Г»сыныбында  « Желбіре, тәуелсіз елдің  байрағы» атты мерекелік концерттер, сынып сағаттары өткізілді.


 

Салауатты  өмір салтын қалыптастыру  орталығының ұйымдастыруымен      «Өтпелі кезеңдегі жасөспірім мінез-құлқы» атты тақырыпта 8-10 сыныптар арасында семинар  өтті. Мақсаты: жасөспірімдерде болатын девианттық мінез-құлықты болдырмау жолдары  жөнінде және салауатты өмір салтын ұстануға  шақыру.

15 желтоқсан  күні «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» атты қорытынды концерт өткізілді.  Концерт  сан  ғасыр бойы ата-бабамыздың  аңсаған,  бірақ  қолы  жетпеген тәуелсіздігіне  желтоқсанның суық ызғарында жалаң аяқ қар кешіп, алаңға  шыққан аға-апаларымыздың  арқасында   қол  жеткізгені туралы  бейнефильм көрсетілді.  Шымылдық «Сұлтандар кеңесі»  көрінісімен ашылды. Егеменді еліміз туралы тамылжыта салынған әндер, күмбірлеген күйлер,  қыздарымыздың  мың  бұралған  билері,  тәуелсіздікке  арнап оқылған өлеңдері  концертке  қатысқан мұғалімдердің   көңілінен шығып, жоғарғы  бағаға ие болды.

«Жаңа жыл-2018» шырша  тойы жоғарғы  деңгейде, оқушылар  көңілінен  шыққан  мерекелік көңіл күйде өтті.

 

Директордың  тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарлары:                         М.Б.Рысқалиева                                                                                                                                                                                      Г. Т. Мукашева

Всего комментариев: 0