Жаңалықтар

 

№19 Қ. Сәтпаев атындағы  мектеп-гимназиясында  24  мамыр күні  бастауыш сыныптарда,  25 мамыр  күні жоғарғы сынып  оқушылары үшін  соңғы  қоңырау  салтанатты жиыны   «Сыңғырла, соңғы  қоңырау»  тақырыбында  өткізілді. 

 

Отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту; ата – ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі – біріне жақсы қарым – қатынастарын орнату; қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету, адамгершілік қасиеттер қалыптастыру мақсатында №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында «Отбасы-мейірім шуағы» атты  ата-аналар жиналысы болып өтті, жиналыс барысында  «Отбасы-аялы алақан мекені»  ата-анамен, оқушымен тренинг өткізілді. 

15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай №19 Қ. Сәтпаев атындағы  мектеп-гимназия базасында Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,күш – қуат пен секіргіштікті дамыту,балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында шағын топ ата-аналарымен бірлескен «Әкем,анам және мен»  атты спорттық шара өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.