Балдырған-2019

 

«Балдырған» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты мен «Балаларды қорғау» күніне орай өткізілген шара туралы мәлімет 2018-2019 оқу жылы

 

№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының жанынан  ашылған «Балдырған» жазғы тынығу лагері 1-маусым күні «Балаларды қорғау» мерекесіне орай лагердің ашылу салтанаты өткізілді. Шара  Қазақстан Республикасының Гимінін орындаудан басталды.   Шараға қонақтар қатыстырылды. Лагерге қабылданып жатқан 20 оқушы түгел қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Мектебіміздің өнерлі оқушылары өздерінің ән шашуларын, мың бұралған билерін тарту етті.Салтанатты жиынды мектебіміздің директоры Ақылбек Қишуұлы өзінің жүрекжарды құттықтау тілегімен ашты. Осы күнге орай ИП «Мамбетов» , қаламыздағы  «Петрушка» мейрамханасының  иесі және де мектебіміздің психологы Майра Әділханқызы өздерінің тәттілерін, балмұздақтарын,  ақ футболка және ақ бас киімдерін сыйлап демеушілік көрсетті. Мерекелік шара өз деңгейінде өтіп келген қонақтар да, лагерь оқушылары және ата-аналары да риза болып, өздерінің алғыстарын жаудырды.Шара соңында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойындарға лагерь тынығушылары белсенділік танытып, өз ептіліктерін көрсетті.

 

 

 

Всего комментариев: 0