Адал ұрпақ 2018-2019

№ 19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасыты қалыптастыру мақсатында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жасалды.  Клуб мүшелері  9-10 сынып  оқушыларынан  құралған. Жетекшісі  директордың  тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасары  Мукашева Гульнара  Темірболатқызы.  Клуб жұмысын жетілдіру мақсатында Рухани –адамгершілік  қасиетті дамыту мақсатында  мектеп  оқушыларымен түрлі  жоспарлы  жұмыстар алға  қойылды. Мектеп оқушыларының бойына адал болуды, имандылықты, әділдікті дарыту ұстаз бен  қатар клуб мүшелерінің  міндеті.

Клуб  мүшелрі оқушылармен бірге лездеме өткізіп отырады.  Клуб жұмысы үш секция  бойынша:  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім; Ақпарат және  шығармашылық; Мәдени-көпшілік іс-шаралар  бағытында  жұмыс жасайды.   Клуб  мүшелері  жоспарға  сай   бекітілген жұмыстарын  уақытында  орындап отырды.   «Парасатты  азамат»  бұрышы  мектептің   кіреберіс дәлізіне  орналасқан .  Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне  құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу. Жоспарға сай  әр үш  бағыт  бойынша жұмыстар  атқарылды.  «Адал  ұрпақ-ел болашағы», «Адалдық-ардың ісі»  сынып сағаттары ,  «Адал және  еңбек бейнесі»  тақырыбында  сурет байқауы, «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» эссе жазылды.  Клуб  мүшелері   «Біздің таңдауымыз –заңды мемлекет»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Адал клуб мүшелері қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар-жемқорлыққа қарсы» театрландырған көрініске қатысып жүлделі  3  орынды иеленді.

 

Всего комментариев: 0